Шығыс Қазақстанда 277 көпір тазартылды

3 Сәуір 2024, 13:55
438
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 277 көпір тазартылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстандағы су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Облыс бойынша қар жамылғысының ауданы 70% құрайды. Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының, Өскемен қаласының жазық аумағында қар жоқ.

Биік таулы аймақтардың өзендерінде мұз қабатының әлсіреуі байқалады. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді.

Облыстағы жағдайды бағалау мақсатында 3 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Өзендердегі кептелістерді болдырмау үшін 221 596 шаршы метр алаңда мұзды ұсақтау бойынша өзендерде 17 жарылыс жұмыстары орындалды.

Шығыс Қазақстанда 277 көпір тазартылды

6,3 мың тонна инертті материалдар, ЖЖМ -468 тонна, 55 мың дана қапшықтар дайындалды.
Ұзындығы 135 км 72 канал, ұзындығы 376 км 448 арық, автода 1735 су өткізу құбыры, 90 темір жолда, 277 көпір тазартылды. 369 мың текше метр қар шығарылды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері халықты су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 158 елді мекенде 290-нан астам профрейд жүргізді.

Шығыс Қазақстанда 277 көпір тазартылды

Су тасқынына қарсы одан әрі күшейтілген іс-шаралар жүргізілуде, гидропосттар арқылы өзендер деңгейіне бақылау орнатылды, қауіпті учаскелерге әуе мониторингі жүзеге асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қардың белсенді еруіне байланысты дауыл туралы ескерту бар, су деңгейінің көтерілуі және еріген және көлбеу ағындардың пайда болуы мүмкін.Тұрғындарға үйлерінің жанында арықтар мен ағындардың арналарын тазалап, үйдің аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалдың болуы ұсынылады, - деп жазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы