Шығыс Қазақстан облысының ТЖД бастығы тағайындалды

14 Маусым 2024, 16:20
261
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД бастығы тағайындалды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Рашид Блялов  ТЖД бастығы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған полковник Рашид Блялов Бекетұлы тағайындалды.

Рашид Блялов 1973 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001 жылы Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызметте. Әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылыБатыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы. 2017 жылы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары. 2021 жылдан Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы