Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

15 Ақпан 2024, 14:09
427
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Фото: ТЖМ

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 2024 жылғы 15 ақпанда облыстық маңызы бар «Өскемен-Горная Ульбинка – Северное» автожолының учаскесінде жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 600 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, жолдар алдын ала жабылған.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қазіргі уақытта жол қызметтерінің техникасы учаскені тазартуда. Жол жабық күйінде қалады.

Өңірде қар көшкінінің өздігінен түсу мүмкіндігі туралы дауылды ескерту жарияланған болатын. Осыған байланысты біз облыс тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан бас тартуды ұсындық. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіріп тұр.Бірақ біз алдын ала беткейлердің қар массаларын бақылап,  түсіру жұмыстарын жүргіздік. Осылайша тұрғындар мен автомобиль жолдарының учаскелері арқылы өтетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Алдағы күндері бұл профилактикалық жұмыс жалғасады, - деді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

ШҚО ТЖД өңірде қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлайды. Халық құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ асып, таулы жерлерге және қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бармауы керек.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы