Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында еріген қар суы жергілікті жолды басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 20 наурыз күні сағат 16:30-да қардың қарқынды еруінен кейін қар суы Қарабұлақ ауылы бағытында жергілікті маңызы бар тас жолдың жол бөлігінде су тасқыны орын алған.
Ауылға қатынау қосымша жол арқылы қамтамасыз етілген.Сағат 20:30-ға қарай су тасқыны тоқтап, су деңгейі төмендеді.Аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері, жеті техника жұмылдырылды. оқиға орнында, - делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» қазіргі уақытта қауіп жоқ, мамандар жағдайды үнемі қадағалап отырғандығын айтты.