Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс-Қазақстан облысының аумағында мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда, деп жазды altaynews.kz.
Осы бағытта күнделікті жүргізілетін мониторингтік жұмыс тиімді нәтижелер көрсетіп жатыр. Облыстың аудандары мен қалаларында өткен рейд барысында айтарлықтай ереже бұзу фактілері тіркелмеді.Глубокое ауданында 1 желтоқсан күні 101 нысан тексеріліп, 1 ереже бұзу фактісі тіркелді. Бір азаматшаның қолданылған жеке қорғаныс заттарын жинау мен сақтау ережелерін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұл сомасы – 41 670 теңге, - делінген ақпаратта.
Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы дүкен иесіне ереже бұзу фактісі бойынша 319 470 теңге мөлшерінде 1 айыппұл салынды.