Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл жайында «Қазселденқорғау» мекемесі хабарлады.
Олардың мәліметінше, 10 ақпаннан бастап өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар.
Соңғы күндері облыста қалың қар жауып, қатты жел соғып тұр. Сондықтан алдағы күндері таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі ықтимал, – делінген хабарламада.
Осы ретте ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: