Шығыс Қазақстан облысы аумағына санитарлық бекеттер қойылады

21 Мамыр 2021, 02:22
1473
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысы аумағына санитарлық бекеттер қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулы бойынша қауіпті «қызыл» аймақтан келетіндерге ПТР тестің COVID-19-ға қарсы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама немесе вакциналау паспортының электронды нұсқасы қажет.

Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында шектеу шаралары 24 мамырдан 6 маусымға дейін ұзартылды.

Әкімдіктер мен мүдделі ведомстволарға төмендегі жұмыстарды қамтамасыз ету тапсырылды: Алматы облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 2 санитарлық бекет; Қарағанды ​​облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 1 санитарлық бекет; «Ауыл», «Үбі», «Бақты», «Майқапшағай» бақылау-өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автокөлік өткелдерінде 4 санитарлық бекет (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен).  

Қаулы 23 мамырда күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы