Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шығын көлемі – 50 млн теңге: Ақтөбеде автокөлік алаяқтары қолға түсті

8 Тамыз 2025, 01:29
768
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысы полициясы Қостанайдан Ақтөбеге автокөліктерді жеткізу туралы жалған логистикалық қызмет көрсетеміз деп, үш жаңа премиум автокөлікті заңсыз иемденген алаяқтардың ісін әшкереледі. Келтірілген шығын көлемі 50 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында төрт күдікті ұсталып, олардың екеуі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Тінту кезінде айғақ заттар тәркіленіп, ұрланған автокөліктер заңды иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы бойынша тергеу жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алаяқтық пен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы жүйелі күрес жүргізетінін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы