Шығыстың бас шаһарының төрт қақпасына "Oskemen" жазуы бар тұғыр қойылады

10 Маусым 2020, 23:47
2020
Бөлісу:
Шығыстың бас шаһарының төрт қақпасына "Oskemen" жазуы бар тұғыр қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның бас қаласының төрт қақпасына "Oskemen" жазуы бар тұғыр қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мүсіндік композиция Алматы, Семей, Самар, Шемонайха тасжолдары арқылы қалаға кіретін тұсқа орнатылады. Тұғырға жарық шамдар қойылады. Қала атауы күндіз ғана емес, түнде де алыстан самаладай жарқырап көрінбек.

Қазір жұмысшылар аталмыш аумақтарды абаттандырып жатыр. Мердігер компанияның мәлімдеуінше, "Oskemen" жазуы бар тұғыр тамыз айының ортасын дейін толық салынып бітеді.



Өзгелердің жаңалығы