Шығыстағы Сібе көлі қоқыс алаңына айналды

8 Тамыз 2020, 07:35
1822
Бөлісу:
Шығыстағы Сібе көлі қоқыс алаңына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылған қарбыз, сыра қалбыры дейсіз бе, ас-су қалдығы – атшаптырым айналаның бәрі шашылып жатқан түрлі қоқыс. Сібенің маңы құдды бір қоқыс көрмесі дерсің, деп жазды didar-gazeti.kz.

Тау етегіндегі шоқ қарағанның түбі толы қобырап жатқан әжетхана қағаздары. Бұл иә, Сібеге келген "жабайы" демалушылардың үлкен дәретке баратын арнайы орны сияқты. Далада бір күнге келгендерге арналған әжетхана жоқ болса, анау жердегі муниципалды жағажайдың әжетханасына неге бармайды? Осыдан бірер жыл бұрын мадақталып ашылған муниципалды жағажай да демалушылардан көрінбей кетіпті. Бардық. Жағажай дәретханаларының есіктері ашық болғанымен, істемейді екен, су жоқ, - деп баяндады көлдің қазіргі жағдайын көзбен көрген журналист Жанаргүл Көкенайқызы.
Алайда муниципалдық жағажай әкімшісі дәретхананың істен шыққандығын мойындамаған.

Карантинде үйге сыймаған халық Өскемен қаласының іргесіндегі Сібе көлдерінен сая тапқан сыңайлы. Көлге күніне мыңға жуық адамның келетінін муниципалдық жағажайдың әкімшісі де растап отыр.

Мұндағы әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы былай тұрсын, айнала шашылған қоқыс қалдығы түрлі аурудың таралуына себеп болмай ма екен.



Өзгелердің жаңалығы