Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы 21,3% артқан

26 Шілде 2019, 06:17
1956
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы 21,3% артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ШҚО прокурорының төрағалық етуімен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды. Отырыста кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстардың себебіне жүргізілген талдау нәтижелері мен уәкілетті органдардың профилактика бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасынан хабарлағандай, талдау нәтижесі көрсеткендей, осы салада нақты бір жұмыс бойынша уәкілетті органдардың қабылдап жатқан профилактикалық шаралары жеткіліксіз болып шықты. Ведомствоаралық өзара қарым-қатынас жоспарында олқылықтар бар.

"Өскемендік полиция органдарына жүргізілген тексеріс барысында ведомствода 125 (183 кәмелетке толмағандар) тұрмысы нашар отбасы тіркелгені анықталған, ал білім беру мекемелерінде олардың саны 89 (175 кәмелетке толмағандар).  Басқа жағдайда есепке 107 (185 кәмелетке толмағандар)отбасы алынбай қалған, оларды прокуратура Үржар, Катон-Қарағай, Шемонаиха, Абай және Күршім аудандарында анықтаған.  Сонымен бірге, дәл осы отбасыларда көбінесе зорлық-зомбылық бұзушылықтар орын алады", - делінген хабарламада. 

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 79 қылмыс жасалған, оның 33-і олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы болған. Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда төмендеу байқалады. Алайда, соңғы үш жылдың динамикасы осы санаттағы қылмыстардың тұрақты өсуін көрсетеді (2016ж.-67, 2017ж.-61, 2018ж.-70, 2019ж.-33).

"Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссия жасөспірімдердің қылмысы, тәртіпсіздігі  бойынша істердің нағыз жағдайын анықтамайды. Мысалы, Өскемен қаласында комиссия бір жыл бойы ата-ана құқығынан айыру туралы 25 материалды қарастырмаған.

Статистикалық деректер бойынша аймақта жасөспірімдер қылмысының 21,3%-ға өскені байқалады. Алдағы орындарда ұрлықтар, тонау және автокөліктерді айдап кету қылмыстары", - дейді мамандар. 

Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесі бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарын құру және кейінге қалдырылмайтын шараларды қабылдау бойынша жұмыс тобын құру қажеттігі шешілді. Ал, жауапты органдарға ведомствоаралық қарым-қатынасты жақсарту бойынша нұсқаулықтар берілген.

Одан бөлек, дереу арада тұрмысы нашар отбасылардың шынайы санын анықтап, оларға  тиісті көмек көрсету ісін қолға алу, профилактикалық істерге ревизия жүргізу, балаларды соққыға жығу және қатал қарау фактілерін анықтау мақсатында арасында медициналық тексерістен өткізіп тұру тапсырылды


Өзгелердің жаңалығы