Шығыс Қазақстанда өзен-көлдердің ернеуі бақылауда – ТЖД

14 Сәуір 2020, 14:09
3798
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда өзен-көлдердің ернеуі бақылауда – ТЖД
PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыста көктемгі тасқын судың бірінші кезеңі жазықтағы қар қабатының еруімен және өзендердің ернеуінен асуымен сипатталады.

Қазіргі уақытта ерімеген қар қабаты облыстың Күршім, Алтай, Глубокое, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында тіркелген. Басқа аумақтардағы қар еріп кеткен. Қысқы ауа райының жылы болуына орай жер бетінде тоң қатқан жоқ. Сол себепті көктемде қар суы жайылмай, топыраққа сіңіп кетті. Өңірдегі барлық өзен-көлдерде сең кептелісі де орын алған жоқ.

нурс1.jpeg

Жергілікті атқарушы органдардың, құтқарушылар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің уақытылы жүргізген алдын алу шараларының арқасында тасқын су болған жоқ. Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта облыстағы қар қабаты сақталған аумақтар 30 пайызды құрайды. Аймақтың өзен-көлдеріндегі гидрологиялық жағдай ерекше бақылауға алынған, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Төтенше жағдай қызметі өкілінің айтуынша, өңірде тасқын судың екінші кезеңі сәуір айының екінші онкүндігінде басталып, мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасатын көрінеді. Бұл кезде тау жоталарының күнгейіндегі қар еріп, өзендердегі су деңгейін көтеруі мүмкін. Бүгінде бұл көрсеткіш қауіпті көрсеткіштен төмен тұр.

нурс2.jpeg

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен облыстық Төтенше жағдай қызметі облыстағы өзен-көлдердің ернеуін бақылауға алып, болуы мүмкін тасқын суға деген дайындықтарын пысықтауда.

 

Өзгелердің жаңалығы