Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері қазіргі уақытта Оңтүстік Корея елінің астанасында. Себебі осы күндері, Сеул қаласында "Seoul ADEX-2019" қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі халықаралық көрмесі өтуде.
Қазақстандық делегацияның қатысуы Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Корея Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрлігі арасындағы екі жақты әскери ынтымақтастық жоспарында көзделген.Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша," Seoul ADEX " - әскери саланың соңғы жетістіктерін көрсету, сондай-ақ әскери саладағы жаңа технологиялармен алмасу орны болып табылады. Көрмеде қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін, аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы озық әлемдік әзірлемелер таныстырылады.
Дәстүрлі түрде оның алаңында қатысушылардың, жеткізушілер мен әскери мамандардың кездесулері мен іскерлік келіссөздері өтеді. Көрме 18 қазанға дейін жалғасады.