Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан әуежайы жөнделеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов хабарлады.
Қазіргі уақытта әуежайдың жобалық-сметалық құжатын дайындайтын мердігер анықталып жатыр. Бұған 24 миллион теңге бөлінген. Әуежай жөнделгеннен кейін, қазіргіден басқа ұшақтар ұшатын болады. Қазіргі Зайсан мен Үржардағы АН – 24 ұшақтары жеткіліксіз, - деді басқарма басшысы.
Оның сөзінше, биыл облыс бойынша Өскеменнен Зайсанға, Семейден Үржарға дейінгі әуетасымалы жұмыстарына 311 миллион теңге бөлінген.