Шығыс Қазақстанда кене қаптап кетті

22 Мамыр 2020, 05:26
2251
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда кене қаптап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 12 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 1630 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

Зиянды жәндік Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха аудандарында және Риддер мен Өскемен қаласында көп тіркелген. Соның ішінде энцефалит Катонқарағайда анықталды.

Бұл зиянды жәндіктер – энцефалитті ғана емес, басқа да қауіпті инфекцияларды тасымалдаушылар. Мәселен облыс көлемінде кене риккетсиозын жұқтырудың төрт фактісі тіркелді. Олардың үшеуі – Зайсан ауданында, біреуі – Курчатов қаласында, – деп мәлімдеді ШҚО-ның бас санитар дәрігері Гүлайым Тағаева.


Өзгелердің жаңалығы