Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында жедел-респираторлық вирустық инфекцияның таралуына байланысты екі мектепте сабақ тоқтатылып, карантин жарияланды, деп хабарлады Altaynews.
Сәйкес бұйрықты Алтай ауданының білім бөлімі шығарды. Атап айтқанда, карантин Алтай қаласындағы № 6-шы және № 8-ші мектептерде жарияланып отыр. Мұнда ЖРВИ-мен ауырғандардың саны жоғары деңгейге жетті.Сабаққа келмеген оқушылардың саны № 6-шы мектепте 400-ден, № 8-ші мектепте – 190-нан асып кеткен.