Шығыс Қазақстан облысында үсік жүреді

12 Қыркүйек 2020, 23:10
1956
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 3 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп болжайды.

Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады деп болжануда. Батыс пен шығыста кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарында найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақтөбе және Ақмола облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде.

Сонымен қатар, түнде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда 13 қырүйекте күн ашық болады. Желдің жылдамдығы – секундына 3-7 метр. Түнде ауа температурасы +8-9 градус, күндіз 22-24 градус жылы.

Алматыда күн бұлтты, найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады. 2-9 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде +14-15 градусты, күндіз 21-22 градусты көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – секундына 1-10 метр. Түнде +13-14 градус жылы, ал күндіз 25-28 градус ыстық.


Өзгелердің жаңалығы