Швейцария халқының санына шектеу қоюы мүмкін

Ел билігі 2050 жылға дейін халық санын 10 миллионнан асырмауды көздейтін бастама бойынша референдум өткізеді.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 16:17
Бүгiн 2026, 16:17
215
Фото: pixabay.com

Швейцария билігі елдегі халық санын шектеуді көздейтін бастама бойынша 14 маусымға референдум белгіледі. Талқыланып жатқан жобаға сәйкес, 2050 жылға қарай ел халқының саны 10 миллионнан аспауға тиіс.

Reuters агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, егер Швейцария халқы белгіленген мерзімге дейін 9,5 миллион адамнан асып кетсе, үкімет автоматты түрде шектеу шараларын енгізуге міндеттеледі.

Ұсынылып отырған шаралардың қатарында босқын қабылдау квоталарын қысқарту және отбасын біріктіру бағдарламаларын шектеу бар. Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың соңында Швейцарияда шамамен 9,1 миллион адам тұрған. Соңғы жиырма жылда ел халқы негізінен иммиграция есебінен 1,7 миллион адамға артқан.

Бастама аясында Швейцария мен Еуроодақ елдері арасындағы еркін жүріп-тұру режимін қоса алғанда, халықаралық келісімдерді қайта қарау мүмкіндігі де қарастырылған.

Жобаны қолдап отырған негізгі саяси күш – оңшыл Швейцария халық партиясы. Партия өкілдерінің пікірінше, халық санының жылдам өсуі инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырып, тұрғын үй бағасының қымбаттауына және экологияға кері әсер етуіне себеп болып отыр.

Наверх