Швейцария 17 жылда Қазақстанға 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйған

15 Сәуір 2023, 18:07
764
Бөлісу:
Швейцария 17 жылда Қазақстанға 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйған
Фото: ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Швейцария экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі сессиясы аясында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездескен.

Швейцария 17 жылда Қазақстанға 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйған

Кездесуде екі жақ қаржы, энергетика, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері, құрылыс, сондай-ақ туризм және жаңа технологияларды дамыту салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту жоспарларын талқылады.

Әлібек Қуантыров атап өткендей, екі ел арасындағы экономикалық қатынастар жылдан жылға күшейіп келеді. Бүгінде Қазақстанда швейцариялық бизнестің қатысуымен 310-нан астам компания табысты жұмыс істеп, Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Швейцария 17 жылда Қазақстанға 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйған

Швейцария - Қазақстанның Еуропадағы маңызды экономикалық серіктесі. Соңғы 17 жылда 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйып, біздің экономикамыздағы ең ірі халықаралық инвесторлардың үштігіне кіреді, - деді ҰЭМ басшысы.

Өз кезегінде Иньяцио Кассис мырза 2023 жылдың жазында Қазақстанға жұмыс сапары барысында әріптестік мәселелерін жан-жақты талқылауға дайын екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы