Швейцария Covid-төлқұжат енгізеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Жаңа ережеге сай азаматтар мейрамхана, театр, кинотеатр және фитнес орталықтарына кіру үшін екпе салдырғаны жайлы сертификат немесе ПТР-тестің теріс нәтижесін, болмаса дерттен жазылып шыққаны жайлы анықтама көрсетуі тиіс болады, деп хабарлайды «Хабар 24».</h4>

 10 Қыркүйек 2021 2021, 05:37
10 Қыркүйек 2021 2021, 05:37
4931

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ережеге сай азаматтар мейрамхана, театр, кинотеатр және фитнес орталықтарына кіру үшін екпе салдырғаны жайлы сертификат немесе ПТР-тестің теріс нәтижесін, болмаса дерттен жазылып шыққаны жайлы анықтама көрсетуі тиіс болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп ашық аспан астында 1 мыңнан астам адам қатысатын іс-шараларда да қолданылады. Биліктің мұндай қадамға баруына елде вирусты жұқтырғандар санының артуы себеп. Соңғы аптада елде күн сайын 3 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Соңғы рет мұндай жағдай сәуір айында тіркелген.

Айта кетейік, қазір Швейцарияда коронавирусқа қарсы халықтың жартысынан астамы вакциналанған.



Наверх