Шұңқырға құлап кеткен түйе құтқарылды

Шұңқырға құлап кеткен түйені ТЖМ қызметкерлері шығарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 ТЖМ баспасөз қызметі 13 Мамыр 2025 2025, 17:12
13 Мамыр 2025 2025, 17:12
740
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шұңқырға құлап кеткен түйені ТЖМ қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің Телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Түйе кәріз құдығына түсіп кеткен. Құтқарушылар арқанды пайдаланып, түйені алып шықты. Оқиға Қызылорда облысы Арал қаласындағы жеке меншік үйлердің бірінің аумағында орын алды. 

Құтқару операциясының нәтижесінде аман қалған жануардың иесі құтқарушыларға олардың жеделдігі үшін алғысын білдірді.

Наверх