Ұшақ апаты: шұғыл желіге Нидерланды, АҚШ, Филиппин сынды бірқатар елден қоңырау келіп түсті

27 Желтоқсан 2019, 19:49
2813
Бөлісу:
Ұшақ апаты: шұғыл желіге Нидерланды, АҚШ, Филиппин сынды бірқатар елден қоңырау келіп түсті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Fokker-100 Бек Эйр компаниясының жолаушылар ұшағы апатының төтенше жағдай салдарын жою туралы ақпарат таратты.

Жолаушылар ұшағының апаты туралы ақпарат алған соң, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Ахуалдық орталығы базасында ТЖ-ның салдарын жою және өзара іс-қимыл жасайтын шұғыл және мүдделі азаматтық қорғау қызметтерінің (ІІМ, ИИДМ, ДСМ, Қорғанысмині, ЭМ, АШМ, ЦДИАӨМ, Қазгидромет және ҰҰ) іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылды. Республикалық жедел штаб бастығы – ТЖК төрағасының орынбасары полковник Т.Қ. Нұрмағамбетов, - делінген хабарламада.

IMG-20191227-WA0017.jpg

Сонымен қатар, аумақтық деңгейде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы және Қостанай облыстарының ТЖ департаменттерінде, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында 2 штаб құрылды.

ТЖК ахуалдық орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы қалаларында, Алматы және Қостанай облыстарында зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін "қауырт желі" телефондарының жұмысы ұйымдастырылды. Қауырт желі нөміріне 917 қоңырау түсті, зардап шеккендердің 30 туысына шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Жедел желі телефондарына Нидерланды, АҚШ, Филиппин, Финляндия, Ресей, Словакия және Германия елшілігінен қоңырау келіп түсті.

IMG_9950.JPG

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында зардап шеккендердің туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, бұл жұмысқа 23 психолог, оның ішінде ТЖК Апаттар медицинасы орталығының 2 психологы және 1 бригадасы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарынан 18 психолог және әуежайдың 3 психологы жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

Ұшақ апаты кезінде зардап шеккендер үшін ТЖК Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары ТЖД жеке құрамы қан тапсырды.

Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, құтқару операциясына барлығы 984 адам, 72 бірлік техника және 33 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды: Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД (60 қызметкер мен 16 бірлік техника), ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағы (24 қызметкер, 4 кинологиялық есеп және 4 бірлік техника), Алматы қаласы ІІД (470 полиция қызметкері мен 40 бірлік техника), ҰҰ (420 адам мен 10 бірлік техника), Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі (10 қызметкер мен 2 бірлік техника).

IMG_9953.JPG

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақорда резиденциясында премьер-министрдің, Президент әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, бас прокурордың, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, ішкі істер, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті.

Өзгелердің жаңалығы