Шұғыл шақыртуға бара жатқан құтқарушылар жол апатына түсті

26 Сәуір 2022, 23:36
1462
Бөлісу:
Шұғыл шақыртуға бара жатқан құтқарушылар жол апатына түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. леуметтік желіде Павлодар облысында болған жол апатының фотосы тарады. Өрт болған жерге бара жатқан құтқарушылар жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция жол апатының болғанын растады.

Бүгін сағат 12:35-де Баянауыл ауылында Бектұров пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында «Нива» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, "Toyota Land Сruiser 100"-бен соқтығысқан, - дейді полицейлер.

Жол апатынан «Нива» жүргізушісі және салонда болған жолаушы жарақат алып, Баянауыл ауруханасына жеткізілді. Екі көлік те айып тұрағына қойылды. Тексеріс басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да зардап шеккендердің орталық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Санитарлық авиациямен мамандар жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы