Ауа райының қолайсыздығына орай, қазір Ақмола облысында жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚО филиалына сілтеме жасап.
Соған байланысты, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Шектеу шаралары мына автожолдар учаскесінде іске асырылып отыр:
- А-1 «Астана-Петропавл» жолының 341-367-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
- А-13 «Көкшетау-Омбы» жолының 50-54-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
- Р-11 «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-91-шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).