Шұғыл: Атырауда жарылыс болды

Бүгiн, 02:15
320
Бөлісу:
Шұғыл: Атырауда жарылыс болды
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Атырауда "Ембімұнайгаз" АҚ қарасты "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

PetroCouncil.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды түсіруде газ шығуы орын алған.

Бұл сорапты-компрессорлық құбырдың істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шеккендер жоқ. ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Оқиға орнында "Ақ Берен" ЖШС, "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС", "СОП Атырау" ЖШС мобильді күзет жұмыс істеп жатыр, - делінген "Ембімұнайгаз" АҚ Қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы