Ұшу қауіпсіздігін қадағалау бөлімшесі қайта құрылды

30 Мамыр 2020, 20:33
1621
Бөлісу:
Ұшу қауіпсіздігін қадағалау бөлімшесі қайта құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі бас басқармасы Қазақстанның мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау департаменті болып қайта құрылды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрынғы бөлімшені таратып, жаңасын құру, қайта ұйымдастыру және қайта атау беру Үкіметтің қаулысы мен Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес Қарулы Күштердегі ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар шеңберінде жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы