Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шри-Ланкада тропикалық дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 643-ке жетті

Кеше, 17:52
170
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Шри-Ланкада қарашаның соңында аралға соққан "Дитва" тропикалық циклонының салдарынан қаза тапқандар саны артып отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қолайсыз ауа райының салдарынан кемінде 643 адам көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлармен күрес орталығының дерегінше, тағы 184 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Табиғи апат елдің барлық 25 әкімшілік округін қамтыған. Дауылдан зардап шеккендердің жалпы саны 1,36 миллион адамнан асқан.

Қазіргі уақытта құтқару қызметтері дауыл салдарын жою жұмыстарын жалғастырып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы