Шри-Ланкада індеттің күшеюінен 10 күндік локдаун енгізілді

22 Тамыз 2021, 04:25
4271
Бөлісу:
Шри-Ланкада індеттің күшеюінен 10 күндік локдаун енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шри-Ланкада коронавирус жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық түскен. Науқастардың қатары екі есе көбейіп, 8 мыңнан асты. Осыдан кейін елде 10 күндік локдаун жарияланып, коменданттық сағат енгізілді. Кей саясаткерлер жалпыұлттық карантин енгізуді талап етіп жатыр.

Ресми дерекке қарағанда, 32 миллион тұрғыны бар Шри-Ланкада халықтың төрттен бір бөлігі ғана толық вакцина салдырған.

Өзгелердің жаңалығы