Шри-Ланканың батысындағы Негомбо қаласындағы түзеу мекемесінде болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, тағы 50-ден астамы жарақат алды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қақтығыс жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында екі топ сотталушы арасында басталған. Кешке қарай жағдай бақылауға алынғанымен, келесі күні таңертең тәртіпсіздік қайта өршіген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында түрме қызметкерлері мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері де бар.
Ел билігінің хабарлауынша, ауыр жараланғандар Коломбо ұлттық ауруханасы жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар түзеу мекемесіндегі жағдайды тұрақтандыру шаралары қабылдануда.
Қазіргі уақытта сотталғандар арасындағы жанжалдың шығу себептері анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде.