Шри-Ланка дағдарысынан шәй қымбаттауы мүмкін

21 Шілде 2022, 22:15
1758
Бөлісу:
Шри-Ланка дағдарысынан шәй қымбаттауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы уақытта әлемде шай өндірісі 30 процентке қысқарып, тиісінше оның бағасы қымбаттауы мүмкін.

Бұл туралы Хабар24 жазды.

Бұған Шри-Ланкадағы экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Жергілікті сарапшылар осылай деп ескертіп отыр. Қазір арал мемлекет өз тарихында болмаған күрделі дағдарысты бастан кешіп жатыр. 

Азық-түлік қымбаттап, жанармай тапшылығы ушыққан. Елде шай өнеркәсібінде 2 миллиондай адам еңбек етеді. Солар қазір аптасына 3-4 күн ғана жұмыс істейді. Қалған уақытта жанармайға кезекте тұруға мәжбүр. Ол аздай тыңайтқыш та қымбаттап кеткен. 

Айта кеткен жөн, Шри-Ланка, әлемде шай экспорттау бойынша Кения және Қытаймен бірге алғашқы үштікке кіреді. Оның жаһандық нарықтағы үлесі 20 проценттен асады. 

Өзгелердің жаңалығы