Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан.
Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.