ШҚО полициясының жұмысын QR-код арқылы бағалауға болады

17 Шілде 2023, 13:54
842
Бөлісу:
ШҚО полициясының жұмысын QR-код арқылы бағалауға болады
Фото: Polisia.kz

Қарапайым сауалнама арқылы аймақтағы полиция қызметінің сапасын бағалауға болады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғаммен тығыз қарым-қатынас және тұрғындардың кері байланысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізін құраған басты факторларының бірі. 

Бұл ШҚО полициясының қызметіне енгізіліп жатқан жаңашылдық – QR-код арқылы бағалау болды. Яғни, оның көмегімен қарапайым сауалнама арқылы өтіп, аймақтағы полиция қызметінің сапасын бағалауға болады және қай жерде мәселе бар, оны жою жолдарын анықтауға болады, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков. 

Олар әрбір патрульдік автокөлікте, полицияның кезекші бөлімінде, сондай-ақ полиция пунктері мен қолжетімді жерлерде орналасқан. Жауаптар Google формасы көмегімен талданады. 

Осылайша, нақты уақыт режимінде полиция бөлімшелеріне қанша адам жүгінетінін, қандай мәселелер бойынша және ең бастысы – көрсетілген қызметтің сапасын білуге болады. 

Облыс орталығының тұрғындары да жаңашылдықты жоғары бағалап, сауалнаманы толтырудың ыңғайлылығы мен жеңілдігін, сондай-ақ полиция жұмысының сапасын арттыруға өз ұсыныс-тілектерін білдіру мүмкіндігінің бар екенін атап өтті. Полицейлер үшін сауалнама деректері жұмысты талдауға, түзетулер енгізуге көмек болады.

Өзгелердің жаңалығы