Олардың есебінде 70 астам мал ұрлығы бар. Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады. Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді.
Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды. Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды.
Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.