ШҚО полицейлері көшкін салдарынан жолда қалып қойған көліктерді құтқарды

Қар үйіндісі Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысын 2 сағаттан астам уақытқа бөгеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 10 Қаңтар 2024 2024, 23:27
10 Қаңтар 2024 2024, 23:27
798
Фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қар үйіндісі Өскемен-Алтай автожолындағы көлік қозғалысын 2 сағаттан астам уақытқа бөгеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автожолдың 63-ші шақырымында таудан қар көшкіні түскені туралы хабарлама алғаннан кейін, взвод командирі Шахмұрат Ержанов жол қозғалысының шектелуіне байланысты көліктер жинала бастаған жерге қарай бет алды. Тәртіп сақшысы мүмкіндігінше жолды босатуға тырысып, басқа автокөлік жүргізушілерімен бірге жолды тазартуға кірісті.

Жол аздап тазартылып кеңейтілген соң, полиция капитаны Ержанов өзінің патрульдік көлігімен 30-дан астам көлікке ілесіп жүріп, оларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді, әрі қарай жүргізушілер өз бағыттары бойынша жол тартты.

Наверх