ШҚО полицейлері Германиядан келген азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті

16 Маусым 2022, 05:27
1323
Бөлісу:
ШҚО полицейлері Германиядан келген азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері Германиядан келген азаматқа жеке куәлік алуға көмек берді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шығыс Қазақстан облысы ПД Көші-қон қызметі күнделікті Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктерді ресімдеу және елден тыс жерлерден тұрақты тұруға келген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметтерін көрсетеді. 

Осындай жағдайлардың бірі Бесқарағай ауданында болды. 

Бесқарағай аудандық полиция бөліміне 59 жастағы Николай Николаевич көмек сұрап жүгінді. Ер адам 2018 жылы Германияға тұрақты тұруға кеткен, бірақ ол жерде аз уақыт болғаннан кейін Отанына оралды. 

Бірақ жеке куәлікті ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін ол қазір ғана жүгінді, ер адам өзінің жеке басын куәландыратын барлық құжаттарын жоғалтқаны белгілі болды. 

Шетелден келген азамат ретінде ҚР азаматының жеке куәлігін ресімдеу үшін Николай Паламарчукке шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы анықтама немесе бұрынғы тұрған елден алынғанын растайтын құжат қажет болды. Материалдық жағдайдың қиындығына байланысты ер адам анықтаманы алу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігіне өз бетінше жүгіне алмады, сондықтан Бесқарағай аудандық ПБ Көші-қон қызметінің қызметкерлері қажетті мәліметтерді алу үшін Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігіне сұрау жіберді. 

Осы процедуралардың барлығынан өтіп, мамыр айының басында Н. Паламарчук тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуді алды және 4 маусымда оған жеке куәлік берілді. 

Н. Паламарчук Көші-қон қызметі қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін, қамқорлығы мен адамгершілігін атап өтіп, шынайы алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы