ШҚО Тарбағатай ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында жеке шаруашылық құрылысы мен веранданың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері 141 шаршы метр аланда өртті сөндіріп, өрттің үйге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.