Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-ның көлік жолдары ашылды

6 Желтоқсан 2023, 12:30
812
Бөлісу:
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Кейінгі күндері ауа райының күрт бұзылуынан Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы кейбір бағыттарда көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бүгін таңғы 9.00-дегі жағдай бойынша өңірдегі барлық бағыттағы жолдар ашық тұр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты Шемонаиха-Секисовка тас жолында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің жүруіне шектеу енгізілген еді. 

Осы орайда оқырманға жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы біліп отыруға болатынын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы