Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 6 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясы өтті.
Шығыс Қазақстанды Шығыс Қазақстан облысына және Абай облысын аудандар бойынша бөлу жоспары ұсынылған.
Абай өңіріне Семей мен Курчатов облыстық маңызы бар екі қала және сегіз аудан өтеді: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті, Ақсуат. Әкімшілік орталығы-Семей болады.
Абай облысының ауданы 185,5 мың шаршы км, халық саны -638,3 мың адам.
Шығыс Қазақстан өңіріне облыстық маңызы бар Өскемен, Риддер қалалары және тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай. Облыстың әкімшілік орталығы Өскемен болып қалады.
Шығыс Қазақстан облысының ауданы 97,8 мың шаршы км, халық саны-717, 6 мың адам.
Оқи отырыңыз: