Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мен құтқарушылары жолда қалған көліктерді Алтай қаласынан Өскеменге дейін бір-бірден өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Осылайша 40 көліктен тұратын автокеруен діттеген жеріне аман-есен жетті. Бұл жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін қажет болған еді. Өйткені кеше түнде тау шатқалында екі рет қар көшкіні жүріп, екі мың текше метрдей қар жолдарды басып қалған.
Зардап шеккендер жоқ. Күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен жолшылар жедел түрде жолды қардан тазартып үлгерді. Ауа райына байланысты 150 жылыту пункті ашылды. Демалыс күндері автокөлік нөпірі де көп болды.
Алтай ауданында Өскемен – Алтай республикалық маңызы бар жолының 66 шақырымында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментімен құтқарушылар қар көшкіні қаупі бар себебінен жабылған трассада автокөліктерді бір-бірден өткізуін ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар ТЖМ апаттар медицинасының орталығының дәрігерлері кезекшілік етті. Барлығы 40 автокөлік шамасында өткізілді, - деді ШҚО азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Алмас Байжуминов.