ШҚО-дағы өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Осы жұмыстардың қауіпсіздігін ТЖМ қызметкерлері қамтамасыз етті.

 ТЖМ баспасөз қызметі 13 Ақпан 2025 2025, 19:22
13 Ақпан 2025 2025, 19:22
710
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын алу іс-шаралары аясында Глубокое ауданының Глубочанка өзені сағасындағы судың апатсыз өтуіне жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдары мен мамандандырылған ұйым 3232 ш.м. алаңында жарылыс жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстардың қауіпсіздігін ТЖМ қызметкерлері қамтамасыз етті. 

Мұзды ұсату мұз алқабын едәуір әлсіретуге және тасқын суларды өткізу кезеңінде өзендердегі кептелістердің пайда болу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді.

Наверх