Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

3 Қазан 2025, 01:29
380
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

"ҚазАвтоЖол" ҰК Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 3 қазан күні сағат 01:30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-66 шақырымында (Ушанов ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жол жағдайына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы