ШҚО-да жастар «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді

7 Қараша 2023, 20:10
642
Бөлісу:
ШҚО-да жастар «Есірткіге жол жоқ!» акциясын өткізді

«Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалы мен ШҚО ПД нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қоғамды осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресуге шақыру.

Акция аясында  «Studentter Uii» студенттік жатақханаларында есірткінің зияны, интернеттегі алаяқтық, құқық бұзушылық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы