Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қару-жарақтың заңсыз айналымы туралы ақпаратты ШҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі хабарлады.
Полиция қала тұрғындарынан 60-қа жуық түрлі қару мен 242 патрон тәркілеген. Сондай-ақ тұрғындардың бірінен қолдан жасалған кесін табылды.
Айта кету керек, өңірде азаматтық қару иелері болып табылатын 10 мыңнан астам адам тұрады, олардың 200-ге жуығы сақтау және тіркеу ережелерін бұзған.
ҚР ӘҚБтК - нің 482-бабы бойынша (қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру және тасымалдау) 52 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ өңірде қаруды сақтаған адамдарға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.