Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да WhatsApp-та хабарлама жіберген зейнеткерге жарты млн теңге айыппұл салынды

Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

ШҚО-да WhatsApp-та жалған ақпарат таратқан зейнеткерге жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткер WhatsApp-та аудандық бас дәрігердің абыройына нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан. Сот оның кінәсін дәлелдеп, 495 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

2025 жылғы 17 қазанда зейнеткер WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігердің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан. ӘҚБтК-нің 73-3-бабы бойынша жеке тұлғаға 180 АЕК айыппұл салуға немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу қарастырылған. Сот зейнеткердің жасын ескере отырып, айыппұл сомасын 30% төмендетіп, 495 432 теңге етіп белгіледі, - деп хабарлады Тарбағатай ауданы сотының баспасөз қызметі. 

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы