ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шақты

Көктем шыққалы еліміздің шығысында 3346 адамды кене шаққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 6 Тамыз 2022 2022, 22:11
6 Тамыз 2022 2022, 22:11
1441

Көктем шыққалы еліміздің шығысында 3346 адамды кене шаққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық анитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, кене шаққандардың арасында 997 бала бар. Жалпы 93 пайызы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған.

Ал екпе алмағандардың ішінде сегіз адам энцефалит жұқтырып, ауруханаға жатуға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті, - делінген департамент хабарламасында.

Наверх