Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салдарынан 10 ұялы телефон, 70-ке жуық күмәнді таблеткалар мен алкоголдің иісі бар заттар жазасын өтеушілерге жетпей қалды, деп жазды altaynews.kz.
Мекеме қызметкерлері қоршаудан темір тордың арғы жағына орама лақтырмақ болған азаматты ұстады. Ол жазасын өтеушілерге түрмеде қолдануға тыйым салған заттарды ерекше тәсілмен арнайы дайындап әкелгені анықталды.
Ер адамнан 10 ұялы телефон, 10 зарядтау құрылғысы, бес жұп құлаққап, 70-ке жуық таблетка мен өзіне тән иісі бар пластмасса бөтелкелерге құйылған сұйықтық тәркіленді, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД-ның ресми өкілі Салтанат Ожиканова.