ШҚО-да түрме қызметкері сотталғандарды азаптағанын камераға түсіріп отырған

1 Маусым 2023, 15:37
930
Бөлісу:
ШҚО-да түрме қызметкері сотталғандарды азаптағанын камераға түсіріп отырған
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері сотталғандарды жүйелі түрде азаптауға нұсқау беріп отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі - азаптауды жою. Қадағалау органы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартып жатыр.

Биылғы жылдың ақпан айында Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі, полиция қызметкері М. есімді азаматқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды. Бұған дейін ол жүйелі түрде азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрыңғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапты.

Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді жағдайлардағыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын бұзушылықтар үшін жазалаған. Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе. Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылды. Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды. Мұндай фактілерді анықтау жұмыстары жалғасуда, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы