ШҚО-да тағы көшкін жүріп, жол жабылды

5 Сәуір 2022, 15:31
1478
Бөлісу:
ШҚО-да тағы көшкін жүріп, жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпаратына сәйкес, алдағы күндері облыста температураның күрт жылынуы күтіледі, деп хабарлайды altaynews.kz.

4 сәуір күні сағат 21:50-де Алтай ауданында Алтай – Малеевка – Путинцево аудандық маңызы бар автожолының 37-шақырымында көлемі 50 текше метр болатын қар көшкіні жүрді.

Көшкін жолды толығымен жауып тастады. Оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы