ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден барлау жүргізілді

Мамандардың мәліметінше, зерттелген аумақ толығымен қар жамылғысымен жабылған.

 Скриншот Бүгiн 2026, 21:50
Бүгiн 2026, 21:50
149
Фото: Скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен су тасқыны қаупі бар аудандарға әуеден барлау жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік су инспекциясы, сондай-ақ Қазгидромет мамандары қатысты.

Әуеден көзбен шолу «Өскемен – Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Катонқарағай ауданы – Өскемен» бағыты бойынша жүргізілді.

Мамандардың мәліметінше, зерттелген аумақ толығымен қар жамылғысымен жабылған. Қар қабатының құрылымы тұрақты, жоталар мен тау беткейлерінде қардың аздап үрленуі байқалады. Таулы аймақтарда қар көшкіні жүргені анықталған жоқ.

Бұқтырма өзені мұз құрсауында, кей жерлерінде жиегі еріп, орталық бөлігінде ойықтар байқалады. Жалпы гидрологиялық жағдай тұрақты деп бағаланды.

Наверх