ШҚО-да су ортасында қалған балықшылар құтқарылды

28 Маусым 2023, 12:22
701
Бөлісу:
ШҚО-да су ортасында қалған балықшылар құтқарылды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында балыққа кетіп, су ортасына үрлемелі қайықпен қалып қойған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұқтырма су қоймасында Славянка ауылы маңында резеңке қайықпен балық аулауға шыққаны және оларды желмен жағадан алып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Моторлы қайықпен құтқарушылар шұғыл түрде апатқа ұшырағандарды іздеуге шығып, оларды балық аулауға шыққан жерден 4 шақырым алыстан тауып алды.

ШҚО ТЖД мамандар резеңке қайықтарды жағадан алыс жерде бекітуге болмайтынын еске салып отыр. Тіпті орташа толқын пайда болған кезде балық аулауды тоқтатып, жағаға оралу керектігін ескертуде.

Қайықпен балық аулау кезінде сіз жүзе білу керек. Бұл дағды сізге өзіңізді құтқаруға және тіпті ең қиын, күтпеген жағдайларда да жолдасыңызды құтқаруға көмектеседі. Тоғанға шықпас бұрын қайықтың жағдайын мұқият тексеріп, оның тесік еместігін тексеру керек. Ең бастысы, құтқару кеудешелерінсіз, тәуліктің қараңғы уақытында және дауыл туралы ескерту жариялаған кезде қайықпен су бетіне шықпауға кеңес береміз, - дейді құтқарушылар.

Өзгелердің жаңалығы